ТОО «Клиринговый центр ЕТС» сообщает о внесении изменений и дополнений в Правила клиринга, направленных на развитие клирингового обслуживания и совершенствование расчетов по сделкам, заключаемым на АО «Товарная биржа «Евразийская Торговая Система», а также по внебиржевым сделкам, расчеты по которым осуществляются через Клиринговый центр.
Изменениями вводится новый порядок клирингового обслуживания сделок в режиме ДВА с пост-оплатой, определяющий механизм расчетов между участниками торгов через Клиринговый центр ЕТС. Новые нормы направлены на повышение надежности и прозрачности исполнения обязательств по сделкам.
Для осуществления расчетов в Правила клиринга включены новые формы документов: заявление на перечисление денежных средств продавцу (форма AU05) и заявление на возврат денежных средств, перечисленных на оплату товара (форма AU06).
Также внесены изменения в тарифную политику Клирингового центра. Введение тарифов за клиринговое обслуживание биржевых сделок перенесено с 1 июля 2026 года на 1 сентября 2026 года. При этом с 1 июля 2026 года отменяются тарифы на дополнительные услуги Клирингового центра.
Кроме того, с 1 июля 2026 года вводятся тарифы на клиринговое обслуживание внебиржевых сделок, расчеты по которым осуществляются через ТОО «Клиринговый центр ЕТС». Это позволит обеспечить единый подход к тарификации клиринговых услуг, расширить возможности использования клиринговой инфраструктуры для внебиржевых операций и повысить надежность расчетов между участниками рынка.
Подробная информация о внесенных изменениях размещена в Правилах клиринга ТОО «Клиринговый центр ЕТС».
ЕТС Клиринг орталығы биржалық және биржадан тыс мәмілелер бойынша есеп айырысу тәртібін жетілдіруде
«ЕТС Клиринг орталығы» ЖШС «Еуразиялық Сауда Жүйесі» тауар биржасында жасалатын мәмілелер, сондай-ақ есеп айырысулары Клиринг орталығы арқылы жүзеге асырылатын биржадан тыс мәмілелер бойынша клирингтік қызмет көрсетуді дамытуға және есеп айырысу тәртібін жетілдіруге бағытталған Клиринг қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені туралы хабарлайды.
Енгізілген өзгерістермен кейінгі төлем (пост-төлем) шартымен жүзеге асырылатын ҚЖА (ДВА) режиміндегі мәмілелерге клирингтік қызмет көрсетудің жаңа тәртібі белгіленеді. Аталған тәртіп сауда-саттыққа қатысушылар арасындағы есеп айырысуларды ЕТС Клиринг орталығы арқылы жүргізу тетігін айқындайды. Жаңа нормалар мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалу сенімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған.
Есеп айырысуларды жүзеге асыру мақсатында Клиринг қағидаларына жаңа құжат нысандары енгізілді: сатушыға ақша қаражатын аудару туралы өтініш (AU05 нысаны) және тауар үшін төлем жасауға аударылған ақша қаражатын қайтару туралы өтініш (AU06 нысаны).
Сонымен қатар, Клиринг орталығының тарифтік саясатына өзгерістер енгізілді. Биржалық мәмілелер бойынша клирингтік қызмет көрсету тарифтерін енгізу мерзімі 2026 жылғы 1 шілдеден 2026 жылғы 1 қыркүйекке ауыстырылды. Бұл ретте, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Клиринг орталығының қосымша қызметтері үшін алынатын тарифтер толықтай күшін жояды.
Бұдан бөлек, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап есеп айырысулары «ЕТС Клиринг орталығы» ЖШС арқылы жүргізілетін биржадан тыс мәмілелерге клирингтік қызмет көрсету тарифтері енгізіледі. Бұл клирингтік қызметтерді тарифтеудің бірыңғай тәсілін қалыптастыруға, биржадан тыс операциялар үшін клирингтік инфрақұрылымды пайдалану мүмкіндіктерін кеңейтуге және нарық қатысушылары арасындағы есеп айырысулардың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Енгізілген өзгерістер туралы толық ақпарат «ЕТС Клиринг орталығы» ЖШС-нің Клиринг қағидаларында орналастырылған